МӘМС

Уважаемые пациенты!

С 28-го января выдача лекарственных препаратов по гарантированному объему бесплатной медицинской помощи для пациентов городской поликлиники №3 будет осуществляться в аптечном пункте в здании поликлиники (ул.Карева 22), кабинет №29/2.

Время отпуска льготных лекарственных препаратов: с понедельника по пятницу с 08:00 до 20:00 м.в.

В субботу с 09:00 до 14:00 м.в.

1Мектеп туралы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.

Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

Халықаралық тәжірибе

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді.
Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас.
Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады.
Әлеуметтік сақтандыру Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады. Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.

Әлеуметтік сақтандыру Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады. Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.

Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.

Бұл:
Денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын, Медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімділігін,

Медициналық көмектің кең ауқымды пакетін қамтамасыз етеді.

Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры аударымдарының көлемі бойынша ең қолайлы жағдай жасалған.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес (Парламентке енгізілу жоспарланып отыр) медициналық сақтандыру мәселелері бойынша келесі жарналар мен төлемдер қарастырылған:

-жұмыс берушілер: 2017 жылдың 1 шілдесінен-1% ;2018 жылдан бастап -1,5%,2020 жылдан бастап - 2% , 2022 жылдан бастап -3%;

-жұмыскерлердің жарнасы: 1% - 2019 жылдан бастап, 2020 жылдан - 2%;

- жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, келісім-шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарнасы – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап табысына қарай, бірақ ең төменгі 2 жалақының 5%-нан кем емес;

-жұмыс күшіне жатпайтын тұлғалар үшін (өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) жарна көлемі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі 1 жалақының 5%-ы;

- мемлекет халықтың осал топтары үшін 2018 жылғы қаңтардан – 3,75%, 2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5 %.

Мәселен:

Германияда жұмыс берушілердің жарнасы – 7,3%, жұмыскерлердікі – 8,2%.

Словакияда сәйкесінше - 10% және 4%,

Литвада- 3% және 6%.

Денсаулық сақтау жүйесінде реформалар не үшін қажет?

Азаматтар мен жұмыс берушілер арасында денсаулық сақтаудағы ортақ жауапкершіліктің жоқтығы. Денсаулық сақтаудағы жауапкершілік тек мемлекеттің еншісінде, ал азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі тиісті деңгейде қалыптаспаған (уақытылы диспансерлеуден өту, сауықтыру шараларына қатысу, зиянды әдеттерден арылу, т.б.).

Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақсыздығы. Мемлекеттің денсаулық саласына жұмсайтын қаржы көлемінің өсуіне қарамастан, тұрғындардың күн санап өсіп келе жатқан медициналық қызметтерге деген қажеттілігін жаба алмай отыр. Неліктен? Сондықтан, туу деңгейі өсуде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы артуда әрі созылмалы, инфекциялық емес науқастар ұлғаюда, инновациялық технологиялар қарқынды енгізілуде, ал бұл өз кезегінде үлкен шығындарды талап етеді.

Денсаулық сақтау саласын тиімсіз басқару. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті көрсету барысындағы медициналық қызмет сапасының төмендігінен стационарлық көмек шығындары жоғары болып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына кететін қаржының 51%-ы стационарлық көмекке жұмсалып отыр. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткін 34%-ды құрайды. Медициналық ұйымдардағы ұзақ кезектер мен көрсетілетін қызметтердің сапасыз болуы азаматтарды ақылы емханаларға жүгінуге және өз қалтасынан ақша төлеуге мәжбүрлейді. Қаржылы азаматтар қымбат ем мен дәрі-дәрмек сатып алуға қауқарлы, алайда материалдық жағдайы төмен азаматтар үшін бірқатар медициналық қызметтер қолжетімсіз.

Ауыр, әрі созылмалы науқастардың өсуі, сонымен қатар, халықтың қартаюы денсаулық сақтау саласы шығындарының өсуіне мәжбүрлеуде.

Пациенттер тарапынан медициналық қызмет сапасына, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің төмендігіне, ауруханалар мен емханалардың жұмысының тиімсіздігіне байланысты түсіп жатқан арыз-шағымдар жалпы денсаулық сақтау жүйесі туралы жағымсыз пікір қалыптастырып отыр.
Бұл мәселелер міндетті сақтандыру жүйесінде қалай шешіледі?
Әлеуметтік әділеттілік пен ортақ жауапкершілік – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидаттары. Ендігі кезекте әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік адамның өзіне, жұмыс берушісіне және мемлекетке жүктеледі. Қаржы шығындары да ортақ жауапкершілік қағидатымен, «мұқтаждығы аз адамдар көмекке зәру адамдарға төлейді» қағидатымен бөлінеді. МӘМС жағдайындағы ортақ жауапкершілік қағидаты барлық сақтандырылған азаматтарға табыс пен төлем көлеміне қарамастан, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әрбір азамат өзі емделетін медициналық жеке немесе мемлекеттік ұйымды таңдай алады. Ауруханалар мен емханалар пациент үшін бәсекеге түсіп, медициналық қызмет сапасы мен дәрігерлердің біліктілігін көтеруге мүдделі болады. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жарналық төлемдер есебінен өсіп, медициналық көмектің ұлғайып келе жатқан шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік сақтандыру қоры жоғары сапалы мердігерлерді таңдайтын болады. Медициналық қызмет сапасы Қор тарапынан күнделікті бақыланып отырады. ӘМСҚ ең үздік мердігерлер рейтингін анықтап, оны баспасөз бен порталдарда жариялап отырады. МӘМС-тің енгізілілгеннен соң, жалпы практика дәрігерлерінің саны 1,8 көбейіп, әрбір дәрігердің жүктемесін 1500 адамға төмендетуге мүмкіндік береді (қазір әрбір жалпы практика дәрігеріне2140 адамнан келеді). Бұл кезектерді азайтып, қабылдау мен науқастарды емдеу сапасын арттырады. Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) көлемін арттыру көзделіп отыр, аталған бағыттағы жан басына шаққандағы шығынның өсуі ықтимал. Сонымен қатар, амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге мұқтаж тұлғалар ауқымы мен жиі кездесетін ауруларға бөлінетін дәрілік заттар тізімі артады.
Сонымен бірге, Медициналық сақтандыру қоры төлемдерінің ұлғаюымен қатар, медициналық қызметтер көлемін артатын болады. Бұл – жаңа мердігерлерді тарту арқылы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс берушілер үшін:

Еңбек өнімділігінің артуы, дені сау ұжым; Жоғары деңгейдегі корпоративтік мәдениет; Жұмыскерлердің ауруларына қатысты экономикалық шығындарды азайту; Жұмыс уақытын оңтайландыру.
Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары:
Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу!
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді (тізімі төменде). Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;

Барлығы айқын түрде болады!
Сақтандырылған азамат электрондық денсаулық сақтау кабинетіндегі жеке парақшасына кіріп, көрсетілген медициналық қызметтер, денсаулық жағдайы, төленген жарналар туралы ақпаратпен таныса алады.
МӘМС-ті таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Егер азаматқа жарна аударылатын болса, ол автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Осылайша, ең төменгі деңгейде жарналық аударымдар жасай отырып, азамат медициналық қызметтің бүкіл пакетін, оның ішінде қымбат қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алады. Қор өз кезегінде тиісті талаптарға сәйкес келетін медициналық қызметтер көрсетуші мердігерлермен келісім-шарт жасап, медициналық қызмет сапасын қатаң бақылайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры келесі функцияларды атқарады:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясындағы медициналық қызметке төлем жасау жөніндегі қаржылық оператор.

МӘМС аясындағы медициналық қызметтер пакетінің стратегиялық сатып алушысы.

Есте сақтаңыз!

Қор әрдайым сақтандырылған азаматтар-медициналық көмекке жүгінушілердің мүддесін қорғайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы барлық азаматтардың аударған қаржылары Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорында (МӘМС) жинақталады.

Қор медициналық қызмет көрсетуші мердігерлерге жасалған келісімнің шарттарына сәйкес ақы төлейді.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жеке табыстары мен қорда жинақталған жарнасының көлеміне тәуелсіз қызметтер бірдей қолжетімді болады.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі. Оған профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілікті бақылау, медициналық манипуляциялар кіреді.

Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы әдістерді қолдануды және күрделі медициналық технологияларды қажет ететін профилактика, диагностика және емдеу шаралары кіреді. Жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі.

Жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетіледі.

Дәрілік қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.

Мейірбикелік күтім – ауру салдарынан өз-өзіне қызмет ете алмайтын, бөгде адамның әрдайым күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға.

Паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын барынша жақсартуға бағытталған.
Есте сақтаңыз!
Мемлекет келесі медициналық қызмет түрлерін тегін қамтамасыз етеді:
Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация:

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу барысындағы медициналық көмек (қатерлі ісік аурулары, туберкулез, қант диабеті және т.б.) және шұғыл жағдайларда.

Профилактикалық вакциналау.

МӘМС жағдайында дәрілік қамтамасыз ету қалай жүргізіледі?

Амбулаторлық-емханалық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету дәрігер жазған рецепттің негізінде, бекітілген дәрілік заттар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Тізім 47 науқас бойынша дәрілік қамтамасыз етуді қарастырған.

Стационар жағдайында дәрілік қамтамасыз ету бекітілген Дәрілік формулярларға сәйкес жүргізіледі.

Қор активтерін сақтауды қамтамасыз ету

Мемлекет Қор активтерін сақтауға кепілдік береді.

Қор активтерін сақтау келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:

Қор қызметін реттеуді Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен шектеулер қою арқылы;

Инвестициялық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүргізу;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қор активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық операцияларын есепке қою;

Қордың өз қаржылары мен активтерінің есебін жеке бөліп жүргізу;

Жыл сайын тәуелсіз аудит өткізу;

Қордың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітілген бухгалтерлік және қаржылық есеп беру тәртіперіне сәйкес есеп беруі;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан Қор активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарын анықтау.
Сонымен қатар, заң жобасында қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын нақты талаптар мен шектеулер белгіленген.
ӘМСҚ қызметінің ашықтығы келесі жолмен жүзеге асырылады:
Жарналар мен қаржылар түсімдеріне күн сайын бақылау жасау;

Көрсетілген медициналық қызметтерді ай сайын бақылау;

Өкілетті органдарға (Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігі, Үкімет, Есеп комитеті) қаржыны пайдалану туралы стандартты есептер тапсыру;

Жыл сайын қоғамға арналған Жылдық есептерді жариялау (газеттерде –қысқаша, веб-сайт пен бірқатар БАҚ-та толық есепті жариялау)

ӘМСҚ-ның веб-сайтын жүргізіп, онда келесі мағлұматтарды жариялау:
1) ӘСМҚ-ның стратегиялық құжаттарын (5 жылға арналған стратегиялық жоспарды, қысқамерзімді даму жоспарын, жылдық жоспарды жариялау);

2) Сақтандырушыларға арналған ақпарат: жалпы (құқықтары, міндеттері, мүмкіндіктері, жаңалықтар, қызмет көрсету шарттары мен тарифтері); жеке кабинет арқылы – ӘМСҚ-ның жарна аударушы және қызметті пайдаланушы пациентке есебі.

3) Мердігерлерге арналған ақпарат (нормативтік-құқықтық актілер,сатып алу ережелері, тарифтер, мердігерлермен келісімдердің мазмұны, оның ішінде қаржылық мәліметтер де, түрлі жоспарлар – сатып алу және бақылау).

4) Медициналық көмек көрсету саласындағы әртүрлі зерттеулер, сараптаулар нәтижелері.
Мердігерлердің рейтингін жариялау (веб-сайтта, газеттерде). Мүдделі тараптармен жүйелі және мақсатты кездесулер өткізіп (мердігерлердің, пациенттердің ұйымдарының өкілдерімен), пробемалық сұрақтарды немесе жоспарланып отырған жаңалықтарды талқылау.
Мемлекет Сіз үшін келесі жағдайларды төлем жасайды: егер мына санаттардың біріне кіретін болсаңыз, автоматты түрде медициналық сақтандыру қорының қатысушысы боласыз:
1) балалар;

2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10) зейнеткерлер;

11) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

12) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

Бұған қоса, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлеуден босатылады, алайда олар ведомстволық жүйе мекемелерінде медициналық қызмет ала алады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес (ҚР Парламентінің қарауына ұсынылмақ) медициналық сақтандыру мәселесіне қатысты мемлекет жарна төлейтін тұлғалар қатарын кеңейту көзделіп отыр.

Олар:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасап отырған жұмыс істемейтін азаматтар;

Жоғарғы оқу орнында, техникалық және кәсіби орта, арнайы орта оқу орындарында және ЖОО кейінгі оқу орындарын ішкі оқу формасы бойынша бітірген азаматтар үшін оқу аяқталғаннан кейін үш күнтізбелік айда;

Жұмыс істемейтін оралмандар (тіркеуден кейін 1 жылға дейін);

ҚР аумағында тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ азаматтар (Заңның 26 бабының 1 тармағында көрсетілген тұлғалар санаты: балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер, т.б.)

Қазіргі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы Заңға сәйкес (әрі қарай –Заң), аударылымдар мен жарналарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудару әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі бюджеттік және басқа да бюджеттік ағымдар жөніндегі біріңғай оператор болып табылатын

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі.

Заңға сәйкес, аударымдар (ұстанымдар) мен жарналарды аудару ай сайын жүргізіледі.

Сонымен қатар, ӘМСҚ төлем жасаушылар қатарын келесі тұлғалар қатарымен толықтыру жоспарлануда:
Шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен оларға теңестірілген өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің мекемелерінде жұмыс істейтін тұлғалар;

Халықаралық және қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен қорларда (халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанның салық агенті болып табылмайтын) жұмыс істейтін тұлғалар; 2017 жылдың 1 шілдесінен олар аударылған ТАБЫСЫНЫҢ 5 пайызы мөлшерінде жарна төлейді.

Белсенді емес тұрғындар, соның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес өзін өзін жұмыспен қамтушы басқа да азаматтар санаты.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұруға кеткендерді қоспағанда, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫСҚАРЫ ЖЕРЛЕРДЕ КЕТКЕН АЗАМАТТАР.
Олар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақымөлшерінен 5% төлейді.

Міндетті медициналық сақтандырудың мерзімінің өзгеруіне байланысты не білу керек?
2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттің Қорға төлем жасауы 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына шегерілді.

Жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, жеке медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатындардың жарна төлеу мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін шегерілді. Жалдамалы жұмыскерлердің Қорға жарна төлеу мөлшері бұрынғыша 2019 жылдан жүзеге асады.

Жеке тұлғалардың ӘМСҚ аясында медициналық көмек алуға құқы, денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы, ӘМСҚ жүйесі аясында алатын медициналық көмек ауқымын анықтау 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Бұл уақыт ішінде Қор құрылып, оның филиалдары ашылады, денсаулық сақтауға кететін шығындар республикалық деңгейде шоғырланады және Қор медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша біріңғай стратегиялық сатып алушы ретінде жұмыс істейді.

Өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына белгіленген екі ең төменгі жалақы мөлшерінен 5%-ды құрайды. Өзін- өзі жұмыспен қамтушылар қатарына Заң бойынша жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жатады.
Сақтандыру аударылымдары мен жарналары Қорға келесі табыс түрлерінен ұсталмайды:
іссапарлар және жұмыстың жол жүру сипатына арналған өтемақы;

қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;

Бюджет қаржысынан жұмыскерлердің жол шығындары, олардың оқуына, жәрдемақыларына жұмсалған қаржылар, өтемақылар;

оңалтуға арналған демалысқа төлем, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеуге төлемдер, 8 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері шеңберіндегі баланың тууына байланысты, жерлеуге байланысты төлемдер.

Шәкіртақылар.

Сақтандыру сыйақылары.

Егер жарна төлемесеңіз не болады?

Сіздің жұмыскеріңіз медициналық көмекке жүгіне алмайды, бұл оның тарапынан наразылық тудыруы мүмкін.

Егер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүктелген жауапкершілікті орындамасаңыз, Сізге айыппұл салынуы мүмкін;

Сіз Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы бойынша жауапкершілікке тартыласыз, бұл тұрғыда да айыппұл салынуы мүмкін.
Сіз келесі жағдайларда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қоғамдық бақылау жасауға қатыса аласыз:
Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі болсаңыз – қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін;

Кәсіби қауымдастықтың мүшесі болсаңыз – стандарттарды қарастырып, тарифтерді бекітуге қатыса аласыз.
Жұмыс берушілер ай сайын әрбір қызметкер үшін аударылған жарналарды бастапқы кезеңнен бастап есепке алып, әрбір есептік айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, жарна төленген қызметкерлерге аударылған қаржы туралы есеп беріп отыруы тиіс.

Жарналар/жарналарын есептеу үшін алынатын орташа айлық кіріс көлемі 15 ең төменгi жалақыдан аспауы тиіс. Барлық жарналар табыс төленген есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей аударылуы тиіс.

Жұмыссыздар үшін:

Сізге жұмыс беруші медициналық сақтандыруға жарналар төлеу үшін жұмыс табу қажет;

Егер сіз өздігіңізден жұмыс таба алмасаңыз , онда сіз жұмыспен қамту орталықтарына баруыңыз керек, ол жерде сізге жұмыс ұсынады, немесе жұмыссыз ретінде тіркейді, бұл жағдайда сіз үшін мемлекет үшін төлейтін болады.
Жеке кәсіпкерлер, патент бойынша жұмыс істейтін тұлғалар, шаруа қожалықтарының жұмыскерлері, базарлардағы сатушылар
Жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары төлеу мен есептеулері қорының шотына мемлекеттік корпорация арқылы қаражатты тікелей аудару арқылы өздігінен жүзеге асыратын болады:
салық салудың жалпы бекітіліген режимін пайдаланушы жеке кәсіпкерлер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

Жеке кәсіпкерлерге өз пайдасына – есептік айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;

арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде(10 сәуір және 10 қараша);

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін – Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында көрсетілген патент құнын төлеуге белгіленген уақытта.

Жарна төлемесеңіз не болады?

Сіз МӘМС жүйесіне қатыса алмайсыз және медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы медициналық көмекке жүгіне алмайсыз.
Алайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне пайдалана аласыз. Оған:

Жедел-жәрдем мен санитарлық авиация;

Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлардағы көмек;

Профилактикалық вакциналау;

2020 жылға дейінгі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтуы қарастырылған амбулаториялық-емханалық көмек.
Басқа медициналық қызметтер ақылы түрде жүргізіледі.

2 МӘМС енгізу тарихы
3Сұрақтар мен жауаптар
5Инфографикалар
8МӘМС жөнінде сұрақ-жауаптар
ҚР-да МӘМС енгізу жөніндегі өзекті сұрақ-жауаптар
Сұрақ: Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін енгізу реформасының жүзеге асырылу мерзімі неге байланысты түзетілді?

Жауап:МӘМС-тің Қазақстандағы бюджеттік-сақтандыру үлгісі дегеніміз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттің басым ролі арқылы халықтың барлық санатының, бизнестің, азаматтың өзінің сақтандыру жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті ынтымақты түрде қатысуы. Барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтер көрсету пакетіне тең дәрежеде қолжетімділігі «әркімнен мүмкіндігіне қарай» және «әркімге қажетіне қарай» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Дегенмен, әлеуметтік сауалнамалар құрылымында жүргізілген сараптамалық бағалаулардың нәтижелері көрсеткендей, аталған реформаны жүзеге асыруда елеулі қауіптер баршылық - «өзін өзі қамтушылардың» сақтандыру жүйесінен тыс қалу қаупі жоғары. Белгілі бір ресми табыстары жоқ, салық пен әлеуметтік жарна төлемейтін адамдар тұрғындардың біршама бөлігін – 2,7-3(?) млн, құрайды, яғни олар формальды экономикадан тыс қалған. ҚР Парламенті палаталарының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамыту үшін медициналық сақтандыру жүйесінің прогрессивтілігін айта келе, ҚР Үкіметіне денсаулық сақтау саласын реформалау қадамдарын қайта қарап, сақтандыру медицинасына азаматтардың барлық санаттарының тең дәрежеде (әділетті) қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен бірге, Үкімет алдына халықтың өзін-өзі өнімсіз қамтамасыз ететін тобын ел экономикасына тарту, бизнестің және мемлекеттің жүктемелерін азайту, Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті резервтерді қалыптастыру бойынша мейлінше тиімді шараларды зерделеп, жасау міндетін қойды.


Сұрақ: Қазақстанда МӘМС жүйесін одан әрі жүзеге асыруда қандай заңнамалық өзгерістер қарастырылуда?
Жауап: Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде заңнамаға МӘМС аясында халыққа медициналық көмек көрсету мерзімін кейінге шегеруді, АҚС шарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін жарна мөлшерін өзгертуді, жұмыс берушілерден басқа барлық санаттағылардың жарна төлеу уақытын кейінгі шегеруді қарастыратын бірқатар түзетулер енгізу мәселелері талқылануда. Аталған түзетулер нендей жағдайларды болжайды?
1) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылады;
2) сақтандырылмаған тұрғындар үшін мемлекет есебінен қажетті медициналық көмек көрсету көлемі (КТМКК) 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін сақталады;
3) МӘМС жүйесіне мемлекеттің жеңілдік санатындағы тұрғындар үшін төлейтін жарна төлемдерінің және жеке тұлғалардың (жалдамалы жұмыскерлер, өзін-өзі қамтушылар, оның ішінде ЖК, АҚС) жарна төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылады;
4) Жұмыс берушілер ӘМСҚ-на 1-1,5% мөлшерінде жарна аударуды 2020 жылға дейін жалғастыра береді;
5) АҚС шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарна мөлшері (жарна есептеу объектісінен) 5%-дан 1%-ға дейін азайтылады.

1. Аударымдар мен жарналарды есептеу үшін ең төменгі шек (1 ЕТЖ) алынып тасталады.

2. МӘМС жүйесіндегі «Үкімет – азаматтар үшін» МК қызметі мемлекеттік монополияғажатқызылады.
Сұрақ: Халықтың өзін-өзі қамтамасыз ететін санатын ел экономикасына, сәйкесінше МӘМС жүйесіне тарту мәселесі қалай шешіледі?
Жауап: Осы өтпелі кезеңде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстар мен Алматы, Астана қалаларының әкімдіктері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар халықтың өзін-өзі өнімсіз қамтамасыз ететін санатын рәсімдеу және оларды ел экономикасына, сәйкесінше МӘМС жүйесіне тарту шараларымен айналысады.
МӘМС жүйесіне мемлекеттің жеңілдік санатындағы тұрғындар үшін төлейтін жарна төлемдерінің және жеке тұлғалардың (жалдамалы жұмыскерлер, өзін-өзі қамтушылар) жарна төлеу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылуы, бірінші кезекте, осы жағдайға негізделген. Сәйкесінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан МӘМС бойынша медициналық көмек көрсетіле бастайды.
Осы аралықта Денсаулық сақтау министрлігі жауапты органдармен бірлесіп, азаматтардың барлық санаттарын анықтап, оларды ортақ деректер қорына енгізу, яғни бірыңғай деректер қорында «цифрлау» жұмыстарын жүргізеді.
Сұрақ: МӘМС жүйесі толық енгізілгенге дейінгі өтпелі кезеңде медициналық көмек қалай көрсетіледі?
Жауап: 2018-2019 жылдар аралығында барлық санаттағы азаматтарға бұрынғыдай, КТМКК пакеті аясындамедициналық көмек көрсетіледі.
КТМКК пакетінде мынадай тегін медициналық қызмет түрлері сақталады: жедел жәрдем мен санитарлық авиация, екпе егу, әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға медициналық көмек көрсету, амбулаторлық-емханалық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, шұғыл және жоспарлы стационарлық медициналық көмек, стационарды алмастырушы көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер.
2020 жылдан бастап МӘМС енгізілуіне байланысты КТМКК пакетін оңтайландыру арқылы бөлінетін бюджет қаражаты, басымдылығы төмен медициналық қызметтердің жекелеген түрлерін лимиттеу және сәйкес тарифтер қалыптастыру деңгейіне дейінгі мемлекет міндеттерінің нақты шектері айқындалатын болады.
КТМКК-ға кірмейтін қызметтерді тұрғындар МӘМС аясында, немесе өздігінен төлем жасау арқылы, немесе ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі - ЕМС) арқылы ала алады.
Әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі қажетті көлемін қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған тұрғындарға 2022 жылға дейін оңтайландырылған КТМКК бойынша медициналық көмек көрсету жоспарлануда.
МӘМС қатысушылары 2020 жылдан бастап кеңейтілген қызметтер пакетін ала алады, аталған медициналық қызметтерді қаржыландыруға бірыңғай ӘМСҚ-на жинақталған қаражаттан жұмсалады.
Бұл жағдай өздігінен жарна төлейтін сақтандырылмаған азаматтарды да айтарлықтай ынталандырып, олардың сақтандырылғандар санатына (медициналық сақтандыру жүйесіне) өтуіне ықпал етеді деген ойдамыз.
Осылайша, 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін МӘМС жүйесіне ауыртпалықсыз өту үшін тұрғындарға қажетті жағдай жасалады.
Сұрақ: Денсаулық сақтау саласында алдағы екі жылда қандай жүйелі шаралар жүзеге асырылмақ?
Жауап: Бірінші. Бұған дейін де айтылды, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен тариф саясаты жетілдіріледі.
Денсаулық сақтау жүйесіне бизнес-үдерістердің автоматтандырылуын, шығындардың ашықтығын қамтамасыз ететін қажетті «цифрландыру» жүргізіледі, ол өз кезегінде жаңа тарифтік саясат жасақтап, саланың қаржыландыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Екінші. Медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті дамыту. 2016 жылдан бастап медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмыстар қолға алынды, оның ішінде:
− әкімшілік кедергілерді азайту, бақылау-қадағалау қызметтері мен тексерістерді қысқарту;
− денсаулық сақтау объектілерін сенімді басқаруды және оларды жекешелендіруді, МЖС ынталандыру.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытудың бірыңғай келешектегі жоспары әзірлене бастады, соған сәйкес дарасалалы ұйымдар көпсалалы ұйымдарға интеграцияланады, серіктестіктер және акционерлік қоғамдар болып қайта құрылып, одан кейін сенімді басқаруға жіберілуі немесе жекешелендірілуі мүмкін.

Бұл әкімшілік шығындарды азайтып, бірізділіктің жақсаруын және медициналық көмек сапасының арттырылуын қамтамасыз етеді.
Мұндай құрылымдық реформалардың нәтижесінде денсаулық сақтау объектілерінің нарықтық жағдайда жұмыс жасауға дайын, жинақталған желісі қалыптасады.

Жекеменшік медициналық ұйымдардың МӘМС аясындақаржыландырылу үлесі 2017 жылғы 7 %-дан 2025 жылы 33%-ға артады.
Үшінші. Жекеменшік сақтандыруды дамыту. Ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі - ЕМС) секторын дамыту үдерісі сақталуда. КТМКК оңтайландырылған тізбесі мен баламалы тарифтік саясат МЖС, жекеменшік медицинаның және ЕМС-дың одан әрі дамуына жол ашады. Бұл ЕМС-дың МӘМС жүйесіне бірігуіне, медициналық ұйымдар арасында жаңа қаржыландыру көзі үшін бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде медициналық қызмет сапасына оң әсер етеді.
Сұрақ: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтпелі кезеңде қандай қызмет атқармақ? ӘМСҚ қызметінің ашықтығын бақылау қалай жүзеге асырылмақ?
Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор КТМКК операторы (медициналық қызметтер үшін бірыңғай ақы төлеуші) болады. Бұл медициналық қызметтердің жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және ақы төлеу тетіктерін жасауға, сондай-ақ төлемдік ақпараттық жүйе жұмысын жолға қоюға, жаңа тарифтік саясатты енгізуге мүмкіндік береді. Аталған шаралар МӘМС шарттары бойынша Қордың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуге толық дайын болуын қамтамасыз етеді.
Жұмыс берушілерден жарна жинау үдерісін сақтау ұсынылатын өтпелі кезең, бір жағынан, медициналық сақтандыруға көшуде денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті қаражатты жинақтауға және жеткілікті медициналық қызмет пакеті арқылы сақтандырылатындығына сенімді болуға мүмкіндік береді. Жиналған қаржының бір бөлігі Ұлттық банк талап еткен Қордың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қор резервін қамтиды. Қалған ақша МӘМС аясында сақтандырылғандар үшін медициналық қызметтер пакетін кеңейтугежұмсалады.
Қазіргі уақытта «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на түсіп жатқан жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі шоттарда сақталады, яғни медициналық қызметтерге ақы төлеу басталғанға дейін қаржының толық сақталатынына кепілдік береді.
Реформалау барысы мен МӘМС жетілдіру шараларын бақылау мақсатында ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің жанынан «Атамекен» ҰКП, басқа да ҮЕҰ мен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың қатысуымен, тұрақты жұмыс істейтін МӘМС енгіу жөніндегі комиссия құрылатын болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты сауалдар:
Сұрақ: - Қорды ұстап тұруға қаражат қайдан алынады және ол сома қалай жұмсалады?

Жауап: - Қор комиссиялық сыйақы есебінен ұсталады. Келесі жылға комиссиялық сыйақы мөлшері бекітілген жоқ, сондай-ақ, директорлар кеңесі даму жоспарын да бекітпеді.
Сұрақ: - ӘМСҚ-да қанша қызметкер жұмыс істейді?
Жауап: — Директорлар кеңесі 819 штаттық бірлік бекітті, бұл – жүйе толық күш алған жағдайда қажет адами ресурс. Қазіргі құрам аз: 57 адам орталық аппаратта және 132 адам филиалдарда. Қызметкерлердің еңбекақыларына жұмсалатын қаражатқа қоса, ақпараттық жүйелерді қолдауға, банк қызметіне, Ұлттық банктің қызмет көрсетуіне жұмсалатын шығындар бар.
Сұрақ: — Ұлттық банктің ӘМСҚ қаражатын инвестициялау үшін қойған сыйақы мөлшерлемесі қандай?
Жауап: — Стандартты. Ұлттық банк оны БҰЗҚ, МӘСҚ-дағы сияқты жағдайларда қойылатын талаптар негізінде белгілейді.
Сұрақ: — Қор шығындарына кім мониторинг жүргізеді?
Жауап: — Қорда бақылаудың үш түрі бар. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік бақылау жүргізеді, оларға тоқсан сайын 9 түрлі есеп беру құжаттарын тапсырамыз, бұл есептер ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі үшін де қолжетімді. Бұдан басқа, Қорда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша құрылған бөлек есеп бар. Активтер бойынша, тәуелсіз аудиторлық ұйымдар арқылы аудиттелетін өз қаражаттары бойынша балансы бар және ол жария түрде біздің сайтымызға орналастырылады. Сайтта 2016 жылдың (тек 1,5 айда жүргізілген жұмыс болса да) есебі бар.
Біз, сондай-ақ қаржылық есепті депозитарийге орналастырамыз. Директорлар кеңесі арқылы корпоративтік бақылау жүргізіледі, оны Денсаулық сақтау министрі басқарады. Оның құрамында қаржы вице-министрі, ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, тәуелсіз директорлар бар.
Директорлар кеңесі еңбекақы төлеу жүйесін, штат санын, Қордың ішкі құжаттарын бекітеді. Корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес, Қорда тәуекелдерді (қауіп) басқару саясаты мен шаралары жұмыс істейді, ақпараттық қауіпсіздік шаралары бекітілген.
Сұрақ: - ӘМСҚ-да жиналған ақшалар не болады?
Жауап: - МӘМС туралы Заңға сәйкес, Қор активтерінің сақталуына мемлекет кепілдік береді. МӘМС үшін түскен ақшалай қаражаттың барлығы Ұлттық банктегі Қордың шотында сақталады. Ол қаражаттың сақталуын қамтамасыз етіп, МӘМС аясында медициналық қызметтер сатып алу басталғанға дейін оларды басқарады. Қаржы құралдарының тізбесі ҚР Үкіметінің қаулысымен (№210 от 14.04.2016 г.) 2016 жылы айқындалған.
Сұрақ: - Қордың қызметі қалай бақыланады?
Жауап: - Қор коммерциялық емес акционерлік қоғам болып табылады, оның бірден-бір құрылтайшысы және акционері – Үкімет.
Қордың директорлар кеңесін Денсаулық сақтау министрі басқарады, құрамында қаржы вице-министрі, ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының басшысы бар, бұдан басқа тәуелсіз директорлар ретінде Литва медициналық сақтандыру қоры басшыларының бірі, сондай-ақ белгілі сарапшы – Салық төлеушілер қауымдастығының басқару кеңесінің төрағасы жұмыс істейді.
Қор қызметі қатаң түрде заңнама сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алу (ережелері) тәртіптері мен тарифтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Қордың даму жоспары Ұлттық экономика министрлігінің талаптары негізінде құрылған және оның орындалуы 9 түрлі есеп беру бойынша бақыланады. Қордың қаржылық есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша жасалады және тәуелсіз ұйым арқылы аудиттеледі. Одан бөлек, Қордың қызметін бақылау үшін мемлекеттік органдарға арналған 8 түрлі есеп беру нысандары қарастырылған.
- Қор коммерциялық емес акционерлік қоғам болып табылады, оның бірден-бір құрылтайшысы және акционері – Үкімет.
Қордың директорлар кеңесін Денсаулық сақтау министрі басқарады, құрамында қаржы вице-министрі, ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының басшысы бар, бұдан басқа тәуелсіз директорлар ретінде Литва медициналық сақтандыру қоры басшыларының бірі, сондай-ақ белгілі сарапшы – Салық төлеушілер қауымдастығының басқару кеңесінің төрағасы жұмыс істейді.
Қор қызметі қатаң түрде заңнама сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алу (ережелері) тәртіптері мен тарифтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Қордың даму жоспары Ұлттық экономика министрлігінің талаптары негізінде құрылған және оның орындалуы 9 түрлі есеп беру бойынша бақыланады. Қордың қаржылық есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша жасалады және тәуелсіз ұйым арқылы аудиттеледі. Одан бөлек, Қордың қызметін бақылау үшін мемлекеттік органдарға арналған 8 түрлі есеп беру нысандары қарастырылған.
Сұрақ: - Қор немен айналысады?
Жауап: - Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қор еліміздің барлық тұрғындары үшін медициналық қызметтерді сатып алады. Бұл МӘМС туралы Заң мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінде бекітілген.
Тіпті, МӘМС аясында қызмет көрсету мерзімі өзгерген күннің өзінде, Қор базалық пакетті сатып алу шараларын қамтамасыз етуі тиіс. Сатып алу үшін барлық дайындық жұмыстары жүргізілді:
- Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтер сатып алудың жаңа Ережесін бекітті;
- 2017 жылдың 7 қыркүйегінен Қор мен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында нарық қатысушылары үшін, оларды әлеуетті жеткізушілердің бірыңғай дерекқорына енгізу туралы шақыру-хабарлама орналастырылды. 2018 жылдан бастап Қормен жұмыс жасағысы келетін медициналық ұйымдар өздерін жеткізушілер тізіміне қосуға өтінім бере алады, мұндай жағдайда Қор тапсырысты бар қаражаттан орындауға мүмкіндік қарастырады. Өтінім беру оңай, 3 құжат болса жеткілікті – өз өтініші, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі (ЖК үшін – ЖК тіркелгендігі туралы куәлік) және жеке куәлігі, медициналық қызметке берілген лицензия көшірмесі және ақпараттық жүйелерді жүргізуге жауапты тұлға туралы мәліметтер. Бірыңғай деректер қорына енген медициналық ұйымдармен конкурстық негізде келісімшарттар жасалады. Медициналық ұйымдармен алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы медициналық қызметтер көрсеткісі келетін денсаулық сақтау субъектілері, 1519 медициналық ұйым, олардың 45%-ы жекеменшік ұйымдар, деректер қорына өтінімдер берді. Өткен жылғы сатып алушы кампаниялармен салыстырғанда, медициналық көмектің негізгі көлемін орындауға өтінім берген денсаулық сақтау субъектілерінің саны 1,5 есеге артты.
Жеткізушілердің деректер қорын қалыптастыру жұмыстарының нәтижелері ойдағыдай. Акцонерлер бекіткен Қордың даму стратегиясында жекеменшік ұйымдарды мүмкіндігінше көбірек тарту міндеті қойылған, бұл бүгіндері жүзеге асырылуда;
- сатып алу шаралары қараша айында аяқталады деп жоспарлануда, желтоқсан айында медициналық ұйымдармен медициналық қызметтер көрсетуге шартқа отыру (шарт жасасу) басталады. Жаңа Сатып алу ережесіне сәйкес, реттеуші қызметі сатып алушыдан бөлек. Мұндай қадам халықаралық тәжірибеге толықтай сай келеді.
Жаңа Сатып алу ережесі бизнес қауымының белсенді араласуымен жасалған, онда мынадай жаңа өзгерістер бар:
- конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті қысқартылған; - белгілі бір уақытта ғана емес, жыл бойы әлеуетті жеткізушілер дерекқорын жаңарту мүмкіндігі пайда болды. Бұл қажет болған жағдайда қосымша медициналық қызметтер көлемін шұғыл сатып алуға мүмкіндік береді;
- республика деңгейінде, облыстарда тұрақты жұмыс істейтін медициналық қызметтер сатып алу жөнінде комиссия құрылды. «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, кәсіподақтар, пациенттер мен денсаулық сақтау субъектілерінің мүдделерін қолдайтын ҮЕҰ осы комиссиялардың құрамына ену үшін өз кандидатураларын ұсынды. Мұндай ұсыныстар конкурстық іріктеудің мейлінше ашық болуына жағдай жасайды, ал барлық қатысушылар шешім қабылдау үдерісінен теңдеу алыстатылады;
- сондай-ақ, қызметтер сатып алуға байланысты мәселелерді шешу үшін Қордың тұрақты жұмыс істейтін апелляциялық комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына Денсаулық сақтау министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді;
- жеткізушілермен жасалған шарттар медициналық көмек түрлеріне қарай, көбіне ана мен бала өліміне, аурудың алдын алу скринингтерінің қамтылуы, асқыну жағдайында ауруханаға жатқызу, т.б. секілді нақты талаптар мен сапаның мақсатты көрсеткіштерін қарастырады.

9МӘМС төлемдері үшін тақырыптар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі өзгере ме?

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР – ӨЗГЕРІССІЗ
Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.
Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады
Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.
Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%)
Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.
Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары).
Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.
2017 жылы жеке кәсіпкерлер жарнаны қалай төлейді?

Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкер – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 30-бабы 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлер 2017 жылы шілде-желтоқсан айлары үшін жарна аударады. Жарна келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленуі тиіс. Яғни, 2017 жылдың желтоқсаны үшін жарнаны 2018 жылдың қаңтарында төлеуге болады (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).
Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін пайдаланатын Жеке кәсіпкерлер – 2017 жылдың шілде-желтоқсан айлары үшін. Жеңілдетілген декларация ҚР салық органдарына салықтық есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен, ал, салықтар есеп беретін кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей өткізіледі. Сондықтан соңғы төлем 2018 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей төленуі тиіс (2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылған).

Бейнероликтар

100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

80-қадам. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ  САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру –  бұл тұрғындарды ауру, жарақат,  жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі.

Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

 

 Халықаралық тәжірибе

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді.  

Бүгінде бүкіл әлем денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш негізгі үлгісін қолдануда: бюджеттік, сақтандыру және аралас.

Бюджеттік үлгі Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция сияқты елдерде қолданылады.

Әлеуметтік сақтандыру  Германия, Франция, Бельгия, Корея, Жапония, Словакия, Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде бар, ал жеке сақтандыру АҚШ-та қолданылады.
Бірақ, көптеген елдер тиімділігі дәлелденген бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады.

Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.
Бұл:

  • Денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын,
  • Медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен қолжетімділігін,
  • Медициналық көмектің кең ауқымды пакетін қамтамасыз етеді.

Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры аударымдарының көлемі бойынша ең қолайлы жағдай жасалған.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес (Парламентке енгізілу жоспарланып отыр) медициналық сақтандыру мәселелері бойынша келесі жарналар мен төлемдер қарастырылған:
-жұмыс берушілер:  2017 жылдың 1 шілдесінен-1% ;2018 жылдан бастап -1,5%,2020 жылдан бастап –  2% , 2022 жылдан бастап –3%;
-жұмыскерлердің жарнасы: 1% – 2019 жылдан бастап,  2020 жылдан –  2%;
– жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, келісім-шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың жарнасы  – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап табысына қарай, бірақ ең төменгі 2 жалақының  5%-нан кем емес;
-жұмыс күшіне жатпайтын тұлғалар үшін (өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) жарна көлемі – 2018 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі 1 жалақының 5%-ы;
– мемлекет халықтың осал топтары үшін 2018 жылғы қаңтардан – 3,75%,   2019 жылдан -4%, 2022 жылдан -4,5 %. .

Мәселен:

Германияда жұмыс берушілердің жарнасы – 7,3%, жұмыскерлердікі – 8,2%.

Словакияда сәйкесінше – 10% және 4%,

Литвада- 3% және 6%.

 

Денсаулық сақтау жүйесінде реформалар не үшін қажет?

 

  • Азаматтар мен жұмыс берушілер арасында денсаулық сақтаудағы ортақ жауапкершіліктің жоқтығы. Денсаулық сақтаудағы жауапкершілік тек мемлекеттің еншісінде, ал азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі тиісті деңгейде қалыптаспаған  (уақытылы диспансерлеуден өту, сауықтыру шараларына қатысу, зиянды әдеттерден арылу, т.б.).
  • Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақсыздығы. Мемлекеттің денсаулық саласына жұмсайтын қаржы көлемінің өсуіне қарамастан, тұрғындардың күн санап өсіп келе жатқан медициналық қызметтерге деген қажеттілігін жаба алмай отыр. Неліктен? Сондықтан, туу деңгейі өсуде, адамдардың  өмір сүру ұзақтығы артуда әрі созылмалы, инфекциялық емес науқастар ұлғаюда, инновациялық технологиялар қарқынды енгізілуде, ал бұл өз кезегінде үлкен шығындарды талап етеді.
  • Денсаулық сақтау саласын тиімсіз басқару. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті көрсету барысындағы медициналық қызмет сапасының төмендігінен стационарлық көмек шығындары жоғары болып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына кететін қаржының 51%-ы стационарлық көмекке жұмсалып отыр. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткін  34%-ды құрайды.
  • Медициналық ұйымдардағы ұзақ кезектер мен көрсетілетін қызметтердің сапасыз болуы азаматтарды ақылы емханаларға жүгінуге және өз қалтасынан ақша төлеуге мәжбүрлейді. Қаржылы азаматтар қымбат ем мен дәрі-дәрмек сатып алуға қауқарлы, алайда материалдық жағдайы төмен азаматтар  үшін бірқатар медициналық қызметтер қолжетімсіз.
  • Ауыр, әрі созылмалы науқастардың өсуі, сонымен қатар, халықтың қартаюы денсаулық сақтау саласы шығындарының өсуіне мәжбүрлеуде.
  • Пациенттер тарапынан медициналық қызмет сапасына, дәрігерлердің кәсіби біліктілігінің төмендігіне, ауруханалар мен емханалардың жұмысының тиімсіздігіне байланысты түсіп жатқан  арыз-шағымдар жалпы денсаулық сақтау жүйесі туралы жағымсыз пікір қалыптастырып отыр.

 

Бұл мәселелер міндетті сақтандыру жүйесінде қалай шешіледі?

 

  • Әлеуметтік әділеттілік пен ортақ жауапкершілік  – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидаттары. Ендігі кезекте әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік адамның өзіне, жұмыс берушісіне және мемлекетке жүктеледі. Қаржы шығындары да ортақ жауапкершілік қағидатымен, «мұқтаждығы аз адамдар көмекке зәру адамдарға төлейді» қағидатымен бөлінеді.
  • МӘМС жағдайындағы ортақ жауапкершілік қағидаты барлық сақтандырылған азаматтарға табыс пен төлем көлеміне қарамастан, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әрбір азамат өзі емделетін медициналық жеке немесе мемлекеттік ұйымды таңдай алады. Ауруханалар мен емханалар пациент үшін бәсекеге түсіп, медициналық қызмет сапасы мен дәрігерлердің біліктілігін көтеруге мүдделі болады.
  • Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жарналық төлемдер есебінен өсіп, медициналық көмектің ұлғайып келе жатқан шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.
  • Әлеуметтік сақтандыру қоры жоғары сапалы мердігерлерді таңдайтын болады. Медициналық қызмет сапасы Қор тарапынан күнделікті бақыланып отырады. ӘМСҚ  ең үздік мердігерлер рейтингін анықтап, оны баспасөз бен порталдарда жариялап отырады.
  • МӘМС-тің енгізілілгеннен соң, жалпы практика дәрігерлерінің саны 1,8 көбейіп, әрбір дәрігердің жүктемесін 1500 адамға төмендетуге мүмкіндік береді (қазір әрбір жалпы практика дәрігеріне 2140 адамнан келеді). Бұл кезектерді азайтып, қабылдау мен науқастарды емдеу сапасын арттырады.
  • Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) көлемін арттыру көзделіп отыр, аталған бағыттағы жан басына шаққандағы шығынның өсуі ықтимал. Сонымен қатар, амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге мұқтаж тұлғалар ауқымы мен жиі кездесетін ауруларға бөлінетін дәрілік заттар тізімі артады.

 

Сонымен бірге, Медициналық сақтандыру қоры төлемдерінің ұлғаюымен қатар, медициналық қызметтер көлемін артатын болады. Бұл – жаңа мердігерлерді тарту арқылы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді.

 

Жұмыс берушілер үшін:

  • Еңбек өнімділігінің артуы, дені сау ұжым;
  • Жоғары деңгейдегі корпоративтік мәдениет;
  • Жұмыскерлердің ауруларына қатысты экономикалық шығындарды азайту;
  • Жұмыс уақытын оңтайландыру.

 

Міндетті медициналық сақтандырудың негізгі артықшылықтары:

Аз қаражатпен МӘМС шеңберінде қызметтердің толық пакетін алу!

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді (тізімі төменде). Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді.
Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;

 

Барлығы айқын түрде болады!

Сақтандырылған азамат электрондық денсаулық сақтау кабинетіндегі жеке парақшасына кіріп, көрсетілген медициналық қызметтер, денсаулық жағдайы, төленген жарналар туралы ақпаратпен таныса алады.

МӘМС-ті таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Егер азаматқа жарна аударылатын болса, ол автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Осылайша, ең төменгі деңгейде жарналық аударымдар жасай отырып, азамат медициналық қызметтің бүкіл пакетін, оның ішінде қымбат қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алады.
Қор өз кезегінде тиісті талаптарға сәйкес келетін медициналық қызметтер көрсетуші мердігерлермен келісім-шарт жасап, медициналық қызмет сапасын қатаң бақылайды.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры келесі функцияларды атқарады:

  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясындағы медициналық қызметке төлем жасау жөніндегі қаржылық оператор.
  • МӘМС аясындағы медициналық қызметтер пакетінің стратегиялық сатып алушысы.

 

Есте сақтаңыз!

Қор әрдайым сақтандырылған азаматтар-медициналық көмекке жүгінушілердің мүддесін қорғайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы барлық азаматтардың аударған қаржылары Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорында (МӘМС) жинақталады.
Қор медициналық қызмет көрсетуші мердігерлерге жасалған келісімнің шарттарына сәйкес ақы төлейді.
Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жеке табыстары мен қорда жинақталған жарнасының көлеміне тәуелсіз қызметтер бірдей қолжетімді болады.

 

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?

  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі. Оған профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілікті  бақылау, медициналық манипуляциялар кіреді.
  • Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы әдістерді қолдануды және күрделі медициналық технологияларды қажет ететін профилактика, диагностика және емдеу шаралары кіреді.
  • Жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі.
  • Жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде   көрсетіледі.
  • Дәрілік қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.
  • Мейірбикелік күтім – ауру салдарынан өз-өзіне қызмет ете алмайтын, бөгде адамның әрдайым күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға.
  • Паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын  барынша жақсартуға бағытталған.

 

Есте сақтаңыз!

Мемлекет келесі медициналық қызмет түрлерін тегін қамтамасыз етеді:

  • Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация:
  • Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу барысындағы медициналық көмек (қатерлі ісік аурулары, туберкулез, қант диабеті және т.б.) және шұғыл жағдайларда.
  • Профилактикалық вакциналау.

 

МӘМС жағдайында дәрілік қамтамасыз ету қалай жүргізіледі?

 

Амбулаторлық-емханалық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету дәрігер жазған рецепттің негізінде, бекітілген дәрілік заттар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Тізім 47 науқас бойынша дәрілік қамтамасыз етуді қарастырған.
Стационар жағдайында дәрілік қамтамасыз ету бекітілген Дәрілік формулярларға сәйкес жүргізіледі.

 

Қор активтерін сақтауды қамтамасыз ету

 

  • Мемлекет Қор активтерін сақтауға кепілдік береді.
  • Қор активтерін сақтау келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:
  • Қор қызметін реттеуді Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен шектеулер қою арқылы;
  • Инвестициялық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қор активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық операцияларын есепке қою;
  • Қордың  өз қаржылары мен активтерінің есебін жеке бөліп  жүргізу;
  • Жыл сайын тәуелсіз аудит өткізу;
  • Қордың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітілген бухгалтерлік және қаржылық есеп беру тәртіперіне сәйкес есеп беруі;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан Қор активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарын анықтау.

 

Сонымен қатар, заң жобасында қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын нақты талаптар мен шектеулер белгіленген.

 

ӘМСҚ қызметінің ашықтығы келесі жолмен жүзеге асырылады:

 

  • Жарналар мен қаржылар түсімдеріне күн сайын бақылау жасау;
  • Көрсетілген медициналық қызметтерді ай сайын бақылау;
  • Өкілетті органдарға (Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігі, Үкімет, Есеп комитеті) қаржыны пайдалану туралы стандартты есептер тапсыру;
  • Жыл сайын қоғамға арналған Жылдық есептерді жариялау (газеттерде –қысқаша, веб-сайт пен бірқатар БАҚ-та толық есепті жариялау)
  • ӘМСҚ-ның веб-сайтын жүргізіп, онда келесі мағлұматтарды жариялау:

1) ӘСМҚ-ның стратегиялық құжаттарын (5 жылға арналған стратегиялық жоспарды, қысқамерзімді даму жоспарын, жылдық жоспарды жариялау);
2) Сақтандырушыларға арналған ақпарат: жалпы (құқықтары, міндеттері, мүмкіндіктері, жаңалықтар,  қызмет көрсету шарттары мен тарифтері); жеке кабинет арқылы – ӘМСҚ-ның жарна аударушы және қызметті пайдаланушы пациентке есебі.
3) Мердігерлерге арналған ақпарат (нормативтік-құқықтық актілер,сатып алу ережелері, тарифтер, мердігерлермен келісімдердің мазмұны, оның ішінде қаржылық мәліметтер де, түрлі жоспарлар – сатып алу және бақылау).
4) Медициналық көмек көрсету саласындағы әртүрлі зерттеулер, сараптаулар нәтижелері.

  • Мердігерлердің рейтингін жариялау (веб-сайтта, газеттерде).
  • Мүдделі тараптармен жүйелі және мақсатты кездесулер өткізіп  (мердігерлердің, пациенттердің ұйымдарының өкілдерімен), пробемалық сұрақтарды немесе жоспарланып отырған жаңалықтарды талқылау.

 

Мемлекет Сіз үшін келесі жағдайларды төлем жасайды: 
егер мына санаттардың біріне кіретін болсаңыз,  автоматты түрде медициналық сақтандыру қорының қатысушысы боласыз: 

1) балалар;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
4) мүгедектер;
5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
10) зейнеткерлер;
11)  қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
12) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.
Бұған қоса, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлеуден босатылады, алайда олар ведомстволық жүйе мекемелерінде медициналық қызмет ала алады.

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес  (ҚР Парламентінің қарауына ұсынылмақ) медициналық сақтандыру мәселесіне қатысты мемлекет жарна төлейтін тұлғалар қатарын кеңейту көзделіп отыр. Олар:

 

  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасап отырған жұмыс істемейтін азаматтар;
  • Жоғарғы оқу орнында, техникалық және кәсіби орта, арнайы орта оқу орындарында және ЖОО кейінгі оқу орындарын ішкі оқу формасы бойынша бітірген азаматтар үшін оқу аяқталғаннан кейін үш күнтізбелік айда;
  • Жұмыс істемейтін оралмандар (тіркеуден кейін 1 жылға дейін);
  • ҚР аумағында тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ азаматтар (Заңның 26 бабының 1 тармағында көрсетілген тұлғалар санаты: балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер, т.б.)
  • Қазіргі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы Заңға сәйкес (әрі қарай –Заң), аударылымдар мен жарналарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудару әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі бюджеттік және басқа да бюджеттік ағымдар жөніндегі біріңғай оператор болып табылатын

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі.

 

Заңға сәйкес, аударымдар (ұстанымдар) мен жарналарды аудару ай сайын жүргізіледі.

Сонымен қатар, ӘМСҚ төлем жасаушылар қатарын келесі тұлғалар қатарымен толықтыру жоспарлануда:

  • Шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен оларға теңестірілген өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің мекемелерінде жұмыс істейтін тұлғалар;
  • Халықаралық және қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен қорларда (халықаралық келісімдерге сәйкес Қазақстанның салық агенті болып табылмайтын) жұмыс істейтін тұлғалар;
  • 2017 жылдың 1 шілдесінен олар аударылған ТАБЫСЫНЫҢ 5 пайызы мөлшерінде жарна төлейді.
  • Белсенді емес тұрғындар, соның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес өзін өзін жұмыспен қамтушы басқа да азаматтар санаты.
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұруға кеткендерді қоспағанда, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫСҚАРЫ ЖЕРЛЕРДЕ КЕТКЕН АЗАМАТТАР.

 

Олар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақымөлшерінен  5% төлейді.

 

Міндетті медициналық сақтандырудың мерзімінің өзгеруіне байланысты не білу керек?

2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы  бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

  • Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттің Қорға төлем жасауы 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 1 қаңтарына шегерілді.
  • Жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, жеке медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатындардың жарна төлеу мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін шегерілді. Жалдамалы жұмыскерлердің Қорға жарна төлеу мөлшері бұрынғыша 2019 жылдан жүзеге асады.
  • Жеке тұлғалардың ӘМСҚ аясында медициналық көмек алуға құқы, денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы, ӘМСҚ жүйесі аясында алатын медициналық көмек ауқымын анықтау 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

 

Бұл уақыт ішінде Қор құрылып, оның филиалдары ашылады, денсаулық сақтауға кететін шығындар республикалық деңгейде шоғырланады және Қор медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша біріңғай стратегиялық сатып алушы ретінде жұмыс істейді.

  • Өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына белгіленген  екі ең төменгі жалақы мөлшерінен  5%-ды құрайды. Өзін- өзі жұмыспен қамтушылар қатарына Заң бойынша жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатын жеке тұлғалар жатады. 

 

Сақтандыру аударылымдары мен жарналары Қорға келесі табыс түрлерінен ұсталмайды:

  • іссапарлар және жұмыстың жол жүру сипатына арналған өтемақы;
  • қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;
  • Бюджет қаржысынан жұмыскерлердің жол шығындары, олардың оқуына, жәрдемақыларына жұмсалған қаржылар, өтемақылар;
  • оңалтуға арналған демалысқа төлем, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеуге төлемдер, 8 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері шеңберіндегі баланың тууына байланысты, жерлеуге байланысты төлемдер.
  • Шәкіртақылар.
  • Сақтандыру сыйақылары.

 

Егер жарна төлемесеңіз не болады?

  • Сіздің жұмыскеріңіз медициналық көмекке жүгіне алмайды, бұл оның тарапынан наразылық тудыруы мүмкін.
  • Егер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүктелген жауапкершілікті орындамасаңыз, Сізге айыппұл салынуы мүмкін;
  • Сіз Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы бойынша жауапкершілікке тартыласыз, бұл тұрғыда да айыппұл салынуы мүмкін.

 

Сіз келесі жағдайларда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қоғамдық бақылау жасауға қатыса аласыз:

  • Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі болсаңыз – қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін;
  • Кәсіби қауымдастықтың мүшесі болсаңыз – стандарттарды қарастырып, тарифтерді бекітуге қатыса аласыз.

 

Жұмыс берушілер ай сайын әрбір қызметкер үшін аударылған жарналарды бастапқы кезеңнен бастап есепке алып, әрбір есептік айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, жарна төленген қызметкерлерге аударылған қаржы туралы есеп беріп отыруы тиіс. 

Жарналар/жарналарын есептеу үшін алынатын орташа айлық кіріс көлемі 15 ең төменгi жалақыдан аспауы тиіс.
Барлық жарналар табыс төленген есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей аударылуы тиіс.

 

Жұмыссыздар үшін:

  • Сізге жұмыс беруші медициналық сақтандыруға жарналар төлеу үшін жұмыс табу қажет;
  • Егер сіз өздігіңізден жұмыс таба алмасаңыз , онда сіз жұмыспен қамту орталықтарына баруыңыз керек, ол жерде сізге жұмыс ұсынады, немесе жұмыссыз ретінде тіркейді, бұл жағдайда сіз үшін мемлекет үшін төлейтін болады.

 

Жеке кәсіпкерлер, патент бойынша жұмыс істейтін тұлғалар, шаруа қожалықтарының жұмыскерлері, базарлардағы сатушылар

Жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары төлеу мен есептеулері қорының шотына мемлекеттік корпорация арқылы қаражатты тікелей аудару арқылы өздігінен жүзеге асыратын болады:

  • салық салудың жалпы бекітіліген режимін пайдаланушы жеке кәсіпкерлер  – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
  • Жеке кәсіпкерлерге өз пайдасына – есептік айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;
  • арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде(10 сәуір және 10 қараша);
  • Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін – Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында көрсетілген патент құнын төлеуге белгіленген уақытта.

 

Жарна төлемесеңіз не болады?

Сіз МӘМС жүйесіне қатыса алмайсыз және медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы медициналық көмекке жүгіне алмайсыз.

Алайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген   көлеміне  пайдалана аласыз. Оған:

  • Жедел-жәрдем мен санитарлық авиация;
  • Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлардағы көмек;
  • Профилактикалық вакциналау;
  • 2020 жылға дейінгі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтуы қарастырылған амбулаториялық-емханалық көмек.

 

Басқа медициналық қызметтер ақылы түрде жүргізіледі.

Размеры взносов и отчислений за ОСМС в 2018-2020 годах

 

КТО КОГДА СКОЛЬКО?

 

Работодатели

(В том числе ИП и владелец КХ как работодатель за своих работников)

 

2018-2019 годы

 

1,5%

 

с 1 января 2020 года

 

2%
Физические лица

 

2018-2019 годы

 

Не платят
С 1 января 2020 года ИП (за себя) – 5% от двух МЗП

 

ГПХ 1% от начисленного дохода в 2020 году и 2% – в 2021 году)

 

Иные плательщики – 5%от одного МЗП
Государство за отдельные категории

– в 2020 году 4% от объекта исчисления взносов государства. Объектом исчисления взносов государства является среднемесячная заработная плата, предшествующая двум годам текущего финансового года, определяемая уполномоченным органом в области государственной статистики (п. 2,3 статьи 26 Закона «Об обязательном медицинском страховании»).

С дохода наемных работниковвзносы удерживают и оплачиваютработодатели(1% в 2020году, г., 2% – в 2021 году)